сенбі, 12 қазан, 2024 2:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтөбеде мұнайды заңсыз өндірген кампания директорының орынбасары сотталды

Ақтөбеде мұнайды заңсыз өндірген кампания директорының орынбасары сотталды
Фото - ашық дереккөзден
Бұл туралы ҚМА хабарлады

Ақтөбе облысында шикі мұнай өндіруді заңсыз жүзеге асырған «Сайгак Казахстан Б.В.» компаниясы филиалының Бас директорының орынбасары сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Қаржылық мониторинг агенттігі 2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейінгі кезеңде аталған компанияның филиалы «Сайгак» кен орнындағы келісім-шарт шеңберінде шикі мұнай өндіруді жүзеге асырғанын, бұл ретте келісім-шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанын анықтаған. Осы жағдайларға қарамастан, олар жыл бойы кен орнында мұнайды заңсыз өндіру мен сақтауды жалғастырған.


 

- Жалпы көлемі 3,5 мың тонна болатын 2 резервуарда құны 139 млн теңгеге өңделген мұнай мемлекет кірісіне тәркіленді.  Кен орнын басқарған компания филиалы Бас директорының орынбасары 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген шығын толық көлемде өтелді,- делінген ресми хабарламада.  

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар