ҚМДБ әлеуметтік желідегі келеңсіздіктерге қатысты үкім шығарды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 15:05
- 41
Қазақстан мұсылдандары діни басқармасы кибербуллингке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
- Кибербуллинг – бұл интернет немесе басқа да әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы біреуді қорқыту, кемсіту, қорлау. Шариғатта біреуді қорқытуға, қорлауға, мазақ етуге, айыбын ашуға, кемсітуге тыйым салынған, - делінген Діни басқарманың хабарламасында.
ҚМДБ ғұламалар кеңесінің шешімі:
- Кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынады;
- Әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, оны бөлісу, сондай-ақ біреуді балағаттап, қорлап жазба қалдыру және оған ортақтасып «лайк» басу – күнә іс.
- Біреудің жеке жазбаларын, суреттерін, бейнежазбаларын шығарамын деп қорқыту, біреудің дінін не мәдениетін кемсіту тағы сол сияқты кибербуллингі түрлеріне тыйым салынады.