Мемлекет қаржысын қатаң үнемдеу режимі енгізіледі – Тоқаев
- авторjambylinfo.kz
- 25 сәуір, 2024
- 490
Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқарып, мемлекет қаржысын қатаң үнемдеу режимі енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚХА кезекті сессиясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Президенттің айтуынша, су тасқынына байланысты жиналған қаражат елді мекендерді қалпына келтіруге жұмсалады.
«Жиналған қаражат елді мекендерді қалпына келтіруге жұмсалады. Сондай-ақ апаттың кесірінен қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек ретінде беріледі. Ешкім елеусіз қалмайды. Мемлекет шығынды түгел өтейді. Тасқынның зардабын жою үшін бюджет шығыстары қысқартылатын болды. Мемлекет қаржысын қатаң үнемдеу режимі енгізіледі. Әрине, маңдай термен тірнектеп тапқан дүние-мүлікті бір сәтте жоғалту оңай емес. Мен мұны түсінемін. Зардап шеккен азаматтарға тағы да айтамын: бүкіл халық – сіздермен бірге. Көп ұзамай баршаңыз қалыпты өмірге қайта ораласыздар. Ол үшін мемлекет бәрін жасайды», - деді Ассамблея сессиясында ол.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз