Мемлекет басшысы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
- авторjambylinfo.kz
- 25 тамыз, 2020
- 428
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 1 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады", - деп жазды Берік Уәли. egemen.kz
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз