Елімізде
Мемлекет «Отбасы банк» салымшыларына сыйақы төлеуді тоқтатады
- авторБақытжан Бекболат
- 22 қазан, 2025
- 993
Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді
Мемлекет енді «Отбасы банк» салымшыларына жыл сайын берілетін сыйақыны төлемейді. Бұл міндетті енді банк өзі атқарады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, енді сыйақы банктің өз қаражаты есебінен төленеді.
«Банк құрылғаннан бері 12 жыл ішінде мемлекеттік бюджеттен шамамен 900 млрд теңге бөлінді. Алдағы үш жылда тағы 210 млрд теңге қарастырылған. Қазір салымшылар саны 10 есе артты, бүгінде олардың саны 2,1 млн адамға жетті. Бұл – мемлекеттік банк, қаржылық тұрғыдан тұрақты. Сыйақыны қаржыландыру банктің өз есебінен жүзеге асырылады деген шешім қабылданды», – деді министр.
Үкімет бұл қадам арқылы бюджетке түсетін қаржылық ауыртпалықты азайтуды көздеп отыр.
Келесі мақала






