Жамбылда кітапқа құштар жастар марапатталды
- авторБақытжан Бекболат
- 22 қазан, 2025
- 276
Салтанатты шара Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өтті. Марапаттау рәсіміне өңірге белгілі тұлғалар қатысты. Олардың қатарында журналист, ақын-сатирик Бақытжан Советұлы, республикалық «Еңбекші» газетінің бас редакторы, балалар жазушысы Марат Құлыбаев, филолог әрі журналист, «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали және облыстық «Aq jol» газетінің аға тілшісі Қамар Қарасаева бар.
– Жастарды кітап оқуға ынталандыру – олардың мәдени және зияткерлік құндылықтарын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Цифрлы дәуірде кітап адамға ақпаратты терең түсінуге, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі, – деді Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының оқу залының кітапханашысы Әсел Әбдраманова.
Жыл үздіктері қатарында Тараз қаласының мектеп оқушылары Дулат Қасымов, Жібек Бекжанқызы, Алинұр Әбсат және Айзере Серік ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Ал Нұрсұлтан Жанғабай мен Айзере Шәмен «Зерделі жас» номинациясымен, Ақерке Қали мен Айлин Болат «Кітапхананың мақтанышы» аталымымен марапатталды. Ең көп кітап оқыған Айша Рахымберді «Жыл оқырманы» атанып, бас жүлдені қанжығасына байлады.
Барлық қатысушыларға сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.
“Аты жаман аурудан” сақтайтын вакцина жайлы не білеміз?
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






