Мемлекеттік білім беру грантын иеленген сарбаздардың есімдері жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 3 маусым, 2025
- 148

Конкурстық іріктеуге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде белгіленген мерзімде қызметін өтеген 17 500-ден астам сарбаз қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтық жоғары оқу орындарына 2010 грант, Қорғаныс министрлігінің әскери институттарына 253 орын, Ұлттық ұлан академиясына 36 орын, ҰҚК Шекара қызметі академиясына 12 орын және Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу орнына 3 орын бөлді.
Биылғы жылы талапкерлер таңдаған жоғары оқу орындарының рейтингінде Astana IT University, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті көш бастап тұр. Грант иегерлері арасында ең көп таңдалған мамандықтар – ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және техникалық мамандықтар.
Қостанайдағы асфальт зауытында өрт шықты
Ұқсас жаңалықтар
Әлеуметтік төлемдерге жұмсалған қаражат 310 млрд теңгені құрады
- авторБақытжан Бекболат
- 20 маусым, 2025