Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қызметінен босатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.





