сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 13:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нарықта доллар бағасы арзандады

Нарықта доллар бағасы арзандады
pexels.com
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 488,53 теңге

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,73 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 488,53 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 490 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 488 теңге. Еуро 529 — 535 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 493 теңге, сатып алу құны — 487 теңге. Еуро 534 теңгеден сатылып, 527 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,50 - 5,66 аралығында саудаланып жатыр.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар