Жаңалықтар
Талас ауданында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 наурыз, 2025
- 822
Кездесу аудан тұрғындары үшін маңызды ақпараттармен бөлісу алаңына айналды.
11 наурыз күні Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың қатысуымен маңызды кездесу өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесуге Ұлбике атындағы Талас аудандық мәдениет үйінде құқық қорғау органдары өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңес мүшелері, сала мамандары мен белсенді жастар қатысты.
Кездесуде Талас ауданының әкімі Н.Жүнісбеков, Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Б.Жанаев, аудандық прокурордың міндетін уақытша атқарушы А.Тилешов және басқа да спикерлер сөз сөйлеп, құқық қорғау мен қоғамдық тәртіп мәселелері талқыланды.
Осы жоба арқылы азаматтардың заңды құрметтеуге, құқықтық мәдениетті арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікке өз үлестерін қосуға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






