жұма, 27 наурыз, 2026 11:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Наурыз ҰБТ-сы: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады

Наурыз ҰБТ-сы: Талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады
Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылғы 2 наурызда басталған ҰБТ-ны бүгінгі күнге дейін 117 мыңнан астам адам тапсырған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Талапкерлердің 71,6 %-ы тестілеуді қазақ тілінде, 28,3%-ы орыс тілінде және 111 адам ағылшын тілінде тапсырды.

Үшінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67,11 %-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 63 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 139 балл.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 283 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.

Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.

ҰБТ-ны өткізудің үшінші аптасында 179 ереже бұзушылық анықталды. 97 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 82 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды.

Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.

2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

Естеріңізге сала кетсек, тестілеуге қатысуға 184 мыңға жуық өтініш келіп түсті.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар