Елімізде
Оңтүстік Кореяның бюджеттік әуе компаниясы Қазақстанға рейс аша бастады
- авторБақытжан Бекболат
- 10 сәуір, 2025
- 214

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді
Eastar Jet әуе компаниясы Қазақстан бағытында тұрақты рейстерді бастады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
7 сәуірден бастап аталған тасымалдаушы Сеул мен Алматы арасында аптасына екі рет ұшатын болады. Министрліктің мәліметінше, наурыз айында Қазақстан мен Корея авиация билігі арасында келіссөздер өткен.
«Келіссөз нәтижесінде тұрақты рейстерді орындауға және тасымалдаушыларды тағайындауға құқықтық мүмкіндік беретін келісім жасалды», – деп мәлімдеді министрлік өкілдері.
Авиабилеттерді сататын сайттарда көрсетілген бағаға сүйенсек, Eastar Jet арқылы Сеулден Алматыға ұшу шамамен 54 мың теңгеден басталады, ал Алматыдан Сеулге кері бағыттағы билет 86 мың теңгеден жоғары тұрады.
Келесі мақала