«Онымен отбасын құрғысы келді». Семейде ер адам әйелді көлігімен басып өлтірді
- авторМағжан Орынбасар
- 21 мамыр, 2024
- 619
"НеМолчи" қорына хабарласқандар 33 жастағы Диана Сүлейменованың қаза тапқаны туралы айтқан. Күдікті оның күйеуі емес, жігіті болып шықты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Дереккөзге сүйенсек, Дианаға кештетіп келген жігіт көлік алдында тұрған әйелді жоғары жылдамдықпен қағып, капот үстіне бір-ақ шығарған. Қайғылы оқиға көрініс тапқан бейнежазбадан осыны аңғаруға болады. Аураханаға түскен ол жан тапсырған. Марқұмның анасы ол жігітпен қызының «отау құрсақ» деген ойы болғанын айтады.
"14 желтоқсанда қызым екеуміз жатар алдында біраз сөйлестік. Негізі, үйіміздің арасы жақын. Г. есімді бұл жігіт Дианамен кездесіп жүрген, қызым ооған тұрмысқа шыққысы келді",- деді анасы.
Оқыс оқиғаға байланысты Абай облысының полиция департаменті түсініктеме берді.
"Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Күдікті анықталып, ұсталды. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, соның ішінде сот-медициналық және медициналық-криминалистикалық сараптамамен дәлелденген. Қазір күдікті сотқа тартылды",- деп хабарлады полиция.