
Ол жәбірленушіні қорқытып, ақша алған
Оралда полиция қызметкерлері студентті тонады деген күдікпен 21 жастағы жігітті қолға түсірді,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, күдікті студентті қорқытып, мобильдік қосымша арқылы ақша аудартқан.
- Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бұдан бұрын да басқа құқық бұзушылықтармен жауапқа тартылғаны белгілі болды, - деп хабарлады ведомстводан.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Әлеуметтік төлемдерге жұмсалған қаражат 310 млрд теңгені құрады
- авторБақытжан Бекболат
- 20 маусым, 2025