бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 15:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қордай оқушылары жәрмеңкеден түскен 5, 9 млн теңгені Ақтөбе облысына аударған

Қордай оқушылары жәрмеңкеден түскен 5, 9 млн теңгені Ақтөбе облысына аударған
Сурет Гүлмира Әбіқайдың жеке парақшасынан алынды
Жәрмеңке туралы белгілі тележурналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Жәрмеңкеге аудандағы 43  мектептің оқушылары қатысқан. Олар өздері тоқыған және өздері жасаған бұйымдарды, өздері пісірген тамақтарды сатқан. Оқушыларды қолдап ауыл жұрты оқушылардың дүниесін жапа-тармағай сатып алған. Нәтижесінде жәрмеңкеден  5, 9 млн тг қаржы түскен, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Гүлмира Әбіқайдың сөзінше, оқушылар жәрмеңкесінен түскен  5 635 000 теңгені Қордай ауданының білім бөлімі журналистке аударған. 

«Мен туып-өскен жер шағын ғана Өтеген ауылы. 400-дей үй, 3 мыңға жуық тұрғын бар. Ауылда ең көне ғимарат Өтеген орта мектебі бар. Сол мектептің оқушылары бастап,  бүкіл аудан қолдап жәрмеңке өткізіпті. Қаражатты Ақтөбе облысы,  Ойыл ауданы,  Берсиев ауылына аударсақ деп отырмын",-деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Гүлмира Әбіқай қиын шақта ауызбіршілік танытқан жерлестеріне алғыс айтты. 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар