Қостанай облысында KIA зауытының құрылысы: Машина жасау саласының жаңа дәуірі басталды
- авторБақытжан Бекболат
- 4 сәуір, 2025
- 137

Қостанай облысында KIA автокөліктерін шығаратын зауыттың құрылысы жүргізілуде, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып, шетелдік инвестицияларды тартуға және машина жасау саласын дамытуға бағытталған.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов және KIA өкілдері зауыт құрылысымен танысты. Делегация құрамында KIA Corporation вице-президенті Со Догён, Ресей мен ТМД елдері бойынша президенті Им Джэ У және KIA Qazaqstan бас директоры Ким Дэ Ки болды.
Жобаның негізгі көрсеткіштері
Құны – 200 млн АҚШ доллары
Шетелдік капитал – 80%
Өндірістік алаң – 100 000 шаршы метр
Жобалық қуаттылық – жылына 70 000 автокөлік
Жұмыс орындары – 1 500
Бұл KIA компаниясының шетелдегі алғашқы зауыты болып табылады, 68 роботпен автоматтандырылған өндірістен өтеді. Құрылыс алаңында 80 шетелдік маман жұмыс істейді.
Негізгі корпус салынды, жабдықтар орнатылуда
Сыртқы инфрақұрылым аяқталды, жол құрылысы жалғасуда
Пилоттық өндіріс – 2025 жылы шілде, сериялық өндіріс – қазан айында басталады.
Қостанай облысында машина жасау саласында жаңа мамандықтар ашылып, студенттер нақты өндіріс алаңдарында тәжірибеден өтуде. Сонымен қатар, автокомпоненттер өндірісін қамтамасыз ету үшін Локализациялау орталығы құрылуда.
Бұл жоба Қостанай облысын Қазақстанның машина жасау орталығына айналдырып, жаңа жұмыс орындарын ашу мен экономиканың тұрақты дамуына үлес қосады.