
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қостанай қаласында Қобыланды батыр және Киевская көшелерінің қиылысында орналасқан қойма аумағында құрылыс қоқысы тұтанып, өрт шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оттың жақын маңдағы ғимараттарға таралу қаупі туындады. Алайда құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрттің қойма ғимараттарына жетуіне жол берілмеді.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің күштері шұғыл жұмылдырылды. Жедел штаб құрылып, өрт алдын ала 300 шаршы метр аумақта оқшауланды. Қазіргі таңда толық сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себептері нақтылануда.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Әлеуметтік төлемдерге жұмсалған қаражат 310 млрд теңгені құрады
- авторБақытжан Бекболат
- 20 маусым, 2025