жұма, 20 қыркүйек, 2024 4:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы көз жұмды

Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы көз жұмды
фото - ашық дереккөзден
Деректерге сүйенсек, оның жүрегі тоқтап қалған

Франция астанасы Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Шенеуніктің қайтыс болуының мән-жойы бойынша толық ақпарат жоқ. Әзірге анығы, оның мезгілсіз ажалына жүрегінің тоқтауы себеп болған. Басқарма ақпаратты растады.

  • "Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидовичтің кенеттен қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Парижде Хайруллин іс-сапарда болды", - деп хабарлады Алматы қалалық әкімдігі.

Ерден Хайруллин 2022 жылы мамырдан бері осы қызметті атқарып келген.

2019 жылдан 2022 жылға дейін Алматыдағы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болды.

 

 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар