жұма, 20 қыркүйек, 2024 7:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Павлодарда тұрғынның көлігін өртеуге тапсырыс берген азамат ұсталды

Павлодарда тұрғынның көлігін өртеуге тапсырыс берген азамат ұсталды
фото - ашық дереккөзден
Оқиға Майра көшесінде болған

Полиция павлодарлықтың көлігін өртеген адам мен тапсырыс берушіні анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында павлодарлық жедел уәкілдер Toyota Land Cruser 200 маркалы автокөлікті өртеуге қатысқан адамдарды анықтады.

Павлодар тұрғыны ақшалай сыйақы үшін осы қылмысты алдын ала жоспарлап, Алматы тұрғынына автокөлікті өртеуді ұсынған. Ол келісіп, тез тұтанатын сұйықтықты пайдалану арқылы Майра көшесіндегі үйдің тұрағындағы автокөлікті өртеп жіберген.

 

— Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер ұсталды,- деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар