дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда құрғақ шөп пен қоқыс жаққаны үшін 1259 жеке тұлға әкімшілік жауапқа тартылды

Жамбылда құрғақ шөп пен қоқыс жаққаны үшін 1259 жеке тұлға әкімшілік жауапқа тартылды
фото - ашық дереккөзден
Оның ішінде 843 адамға ескерту берілген

Жамбылда құрғақ шөп пен қоқыс жаққаны үшін 1259 жеке тұлға әкімшілік жауапқа тартылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ТЖД бастығының орынбасары Ералы Ақылбеквтың сөзінше, табиғи өрттердің алдын алу үшін ТЖД, жергілікті полиция қызметі және ЖАО 82 қызметкерден тұратын 16 бірлескен мобильді топ құрылған. Сонымен қатар, өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап 1148 рейдтік іс-шара өткізілген.

  • Құрғақ шөп пен қоқыс жаққаны үшін 1259 жеке тұлға әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде 843-іне ескерту, 416-сы 6 506 210 теңге көлемінде айыппұл салумен жауапқа тартылды. Облыс әкімімен «Облыс аумағындағы табиғи өрттердің алдын алу шаралары» туралы қаулы қабылданды және орман мен дала өрттерін сөндірумен байланысты төтенше жағдайларды жою алгоритмі бекітілді. Автомобиль және темір жолдар бойындағы минералды жолақтарды жырту жұмыстары жүргізілді (республикалық маңызы бар автожолдар 852 км., облыстық маңызы бар 593 км., жергілікті маңызы бар 640 км. және темір жолдар 840 км.). Жамбыл облысының аумағында ЖАО 19 өрт постын құрды. 2024 жылы Шу ауданы Балуан Шолақ ауылында өрт сөндіру бекетін құру жоспарланды,- деді Ералы Ақылбеков.
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар