жұма, 8 қараша, 2024 6:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Павлодардағы алапат өрт сөндірілді

Павлодардағы алапат өрт сөндірілді
Фото - ТЖМ
Қазір өрттің ауданы анықталып жатыр

Павлодар облысының Баянауыл ауданы аумағындағы табиғи өрт сөндірілді. Қазір өрттің ауданы анықталып жатыр, деп жазады Jambylinfo.kz

 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округінің әкімі Әлібек Сапабеков Желтау ауылынан қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар үйлеріне орала бастағанын жеткізді. Бірақ әзірше елді мекеннен эвакуацияланған 18 адамның нешеуі қайтып оралғаны туралы нақты дерек жоқ. Өртке байланысты штаб жұмыс істеп, тікұшақтар барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жұмат Шанин ауылында қазіргі сәтте эвакуациялық пункт жұмыс істеп тұр. Еріктілер мен жергілікті мәслихат депутаттары құтқарушыларға азық-түлік, қажетті заттарын жеткізіп берген.

Еске сала кетейік, 6 қазан күні Баянауылда далалық аймақтан өрт шығып, бір ауылдың тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілді.

Ал 7 қазан күні түске таман Павлодар облысының әкімі Баянауылдағы өрттің оқшауланғанын хабарлады.

Кешегі дерек бойынша Баянауылда өрт шалған жерлердің аумағы 10 мың гектарға жеткен.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар