жұма, 22 қараша, 2024 8:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Петропавлдағы дүкендерде тұрғындар су үшін жанталасып жатыр

Петропавлдағы дүкендерде тұрғындар су үшін жанталасып жатыр
Сурет әлеуметтік желіден алынды
Петропавлдағы дүкендерде тұрғындар су сатып алу үшін жанталасып жатыр

Оқиға жайлы журналист Самат Қайырденұлының  Facebook парақшасында жариялаған бейнежазбасынан аңғаруға болады. Өйткені қаладағы насос станциясында апат болып, халық сусыз қалған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Петропавл тұрғындары сусыз әрі жарықсыз қалғанын айтып шағымданып жатыр. Қазір жарық қосылса да, әлі су берілмепті. Сондықтан тұрғындар дүкендердегі суды сатып алуға мәжбүр. Бұған қатысты қала әкімі Серік Мұхамедиев пікір білдірген.

"Құрметті тұрғындар! Кеше түнде бізге көп су келді. Прибрежныйда төрт тәуелсіз электр желісімен жұмыс істейтін бірінші көтергіш сорғы станциясында мұз массасы бағаналарды зақымдады. Соның салдарынан қалаға су беру шектеліп отыр. СКРЭК жедел тобы оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Жұмысты 4 сағат ішінде аяқтау жоспарланып жатыр. Тыныштық сақтаңыздар. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіз. Барлық әлеуметтік нысан мен қала тұрғынын сумен қамту ұйымдастырылады", - деді қала әкімі.

"Қызылжар су" ЖШС атқарушы директоры Арман Сауытовтың сөзінше, қаланың барлық әлеуметтік нысаны ауыз су тасу арқылы қамтылады. Ал, су энергия станциялары қалпына келгеннен кейін беріле бастайды екен.

Айта кетейік, бұған байланысты қала мектептеріндегі екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқыту форматына ауысты.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар