жексенбі, 26 мамыр, 2024 9:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Пәтер құны – 200 мың еуро": Тәуекел Мүсілім Түркияға қоныс аудармақ

"Пәтер құны – 200 мың еуро": Тәуекел Мүсілім Түркияға қоныс аудармақ
Ғаламтор
Танымал кино жұлдызы, актер Тәуекел Мүсілім отбасымен Түркия еліне қоныс аударатынын “Revue news” бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Өнер иесі ендігі шығармашылық жолын түрік елінде жалғастыратынын жасырмады.


“Сәуір айының соңында Түркияға көшеміз. Түркиядағы үйімізді 2-3 жыл бұрын алдық. Қазір ол үйдің нарықтағы бағасы 200 мың еуроға жетеді. Біз соның жарты бағасына алдық. Ол жақта заң өзгеріп жатыр. Қазір үйдің бағасы 200 мың еуродан жоғары болса, тұрақты тұруға мүмкіндік береді. Ал біздің үйдің бағасы одан арзан болғандықтан, 90 күн боламыз. Сосын ары қарай тағы да ұзартамыз. Рұқсат бермесе, қайта елге келеміз немесе басқа елге қоныс аударамыз", – деді актер.


Сондай-ақ өнер иесі биылғы жылды отбасылық саяхатқа арнайтынын, көлікпен саяхаттаудың артықшылығы мен кемшілігін көрсетіп, YouTube каналы арқылы табыс табуға бел буып отырғанын айтқан.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар