дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 10:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Атырауда мақта тиелген жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті

Атырауда мақта тиелген жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті
Фото: Атырау облыстық ТЖД
Атырау облысында жүк көлігіндегі 22 тонна мақта түгі қалмай өртеніп кетті.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, оқиға 12 сәуірде сағат 12:55-те болған. 

«Атыраудан Ресейдегі Астрахан облысына қатынайтын жол бойындағы Тұщықұдық ауылының тұсында жүк көлігінің тіркемесі өртенді. Жүк көлігі Грузияда тіркелген. Көліктің Шымкент қаласынан шығып, Түркияға бағыт алғаны анықталды. Оның тіркемесіне тиелген 22 тонна мақта түгелдей жанып кетті», - хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Өрт сағат 13:47-де оқшауланған. Ал, сағат 14:20-да толығымен сөндірілді. 

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Автор: Дамир Қанатов

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар