сәрсенбі, 28 қаңтар, 2026 13:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Полиция ескертеді: «Қазақтелеком» атын жамылған алаяқтар пайда болды

Полиция ескертеді: «Қазақтелеком» атын жамылған алаяқтар пайда болды
istockphoto.com
Қаскөйлер тұрғындарға қоңырау шалып, өздерін «Қазақтелеком» компаниясының қызметкері ретінде таныстырады.

Астана қаласының Полиция департаменті зиянды қосымшалар арқылы азаматтардың ақшасын ұрлау жағдайлары көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қаскөйлер тұрғындарға қоңырау шалып, өздерін «Қазақтелеком» компаниясының қызметкері ретінде таныстырады.

Олар байланыс қызметіне қатысты келісімшарттың мерзімі аяқталғанын айтып немесе арнайы «тиімді» жеңілдіктер ұсынуы мүмкін. Кейін WhatsApp арқылы «мәліметтерді жаңарту» не «жеңілдікті қосу» сылтауымен сілтеме жібереді. Сол сілтемеге өткен кезде телефонға зиянды APK файл жүктеледі. Қосымшаны орнатқан соң, алаяқтар банк қосымшалары мен жеке ақпаратқа толық қол жеткізе алады.

Мұндай жағдайда телефон шамадан тыс қызуы, бұғатталуы немесе басқаруға бағынбай қалуы ықтимал. Сондықтан дереу телефонды өшіріп, SIM-картаны алып, интернетті ажырату қажет.

Сонымен қатар, банкке бірден хабарласып, барлық шоттар мен карталарды бұғаттаған жөн.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар