Прокурорлар халық көп баратын ойын-сауық орталықтарының басшыларымен кездесті
- авторjambylinfo.kz
- 26 сәуір, 2024
- 462
Бас Прокурор Берік Асылов азаматтар көп баратын объектілердің басшыларымен түрлі қауіп-қатерден қорғалу мәселелері бойынша кездесу өткізуді тапсырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында прокурорлар сауда ойын-сауық орталықтарының басшылығымен көшпелі кездесулер өткізді.
«MEGA Silk Way», «Керуен», «Сарыарқа», «Хан шатыр», «Азия парк»сауда ойын-сауық орталықтары «Magnum» супермаркеті тексерілді.
Диалог барысында объектілердің басшылары қорғауды күшейту бойынша бірқатар бастамаларды айтты. Қолданыстағы терроризмге қарсы және өрт қауіпсіздігі жүйелерін көрсетті. Қорғау мен күзету жүйелеріне заманауи цифрлық шешімдер енгізу мәселесіне баса назар аударылады. Қорытындысы бойынша тараптар осындай кездесулердің пайдалы екендігін атап өтті. Мұндай кездесулер басқа өңірлерде де өтеді деген жоспар бар.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз