Референдум: Респонденттердің басым бөлігі АЭС салу жөніндегі референдумға қатысуға дайын
- авторjambylinfo.kz
- 7 қыркүйек, 2024
- 458
Қоғамдық саясат институты 2024 жылы 4-5 қыркүйекте қазақстандықтар арасында АЭС салу мәселесі бойынша алда өткізілетін референдумға қатысты сауалнама жүргізді. Оған сәйкес, респонденттердің 57,8%-ы референдумға қатысуға дайын, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Сіз Қазақстанда атом электр станциясы салуға келісесіз бе?" деген сұраққа респонденттердің басымы бөлігі (59,3%) қолдау тұрғысында жауап берді. Сауалнамаға қатысушылардың 28,3% - ы "жоқ, мен келіспеймін" деген жауап нұсқасын таңдаса, ал тағы 12,4%-ы атом электр станциясын салу бойынша өз ұстанымын әлі айқындамағанын айтқан.
Қоғамдық саясат институның мәліметінше, референдумға бір ай қалған уақыт ішінде халықтың аталған мәселе бойынша құлақтандырылуының жоғары деңгейі тіркеліп отыр. Сауалнама кезінде респонденттердің 74,6%-ы 2024 жылы 6 қазанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізілетіндігі туралы ақпараттан белгілі бір дәрежеде хабардар екенін көрсетті.
"Сіз АЭС салу бойынша өткізілетін референдумға барып, дауыс бересіз бе?" деген сұраққа респонденттердің берген жауаптары келесідей болып келеді:
45,5% - қатысуға нық дайынбыз;
12,3% – дауыс беруге барып қаламыз.
Жалпылай алғанда, сауалнамаға қатысқандардың 57,8%-ы алдағы референдумға қатысуды жоспарлап отыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024