“Бензин шашып, өртеп жіберген”. Угандалық спортшы күйеуінің қолынан қаза тапты
- авторjambylinfo.kz
- 7 қыркүйек, 2024
- 192
33 жастағы Ребекка Чептегай Париждегі Олимпиада ойындарында әйелдер марафонына қатысқан болатын, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
euronews.com. жазуынша, аурухана өкілі спортшының органдары істен шыққаннан кейін қайтыс болғанын хабарлаған. Чептегейдің денесінің 75%-ын күйік шалған болатын.
Ақпаратқа сүйенсек, Диксон Ндиема бұрынғы әйелінің балаларымен бірге шіркеуге кеткенін пайдаланып, үйіне кіріп алған. 33 жастағы әйел үйге оралғанда, оған канистрден бензин шашып, сіріңке лақтырған. Өрт Диксон Ндиеманың өзіне де тиген. Көршілері айғайлағаны дауысты естіп, жүгіріп келіп, медициналық көмек шақырған. Ерлі-зайыптылардың ажырасқаннан кейін үй мен жер телімін бөлісуге қатысты елеулі келіспеушіліктері болған. Чептегей бұрынғы күйеуімен байланысуды тоқтатқан, ал Ндиема да экс-сүйіктісімен татуласқысы келмейтінін бірнеше рет айтқан.
Оның әкесі Джозеф Чептегай әділеттілікке жетуге барын салатынын айтты.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз