сейсенбі, 3 наурыз, 2026 10:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ресейден әкелінген қызанақ тұқымдарынан қауіпті карантиндік вирус анықталды

Ресейден әкелінген қызанақ тұқымдарынан қауіпті карантиндік вирус анықталды
Canva
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу барысында Ресей Федерациясынан әкелінген қызанақ тұқымдарының 130 қаптамасынан сынама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Фитосанитария» РМК жүргізген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы бойынша зерттелген үлгілерден карантиндік нысандар қатарына жататын қызанақ жемістерінің қоңыр қатпарлы вирусы (Tomato brown rugose fruit virus, ToBRFV) анықталды.

Әкімшілік іс материалдары Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды", - делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы саудаға қатысушыларға ел аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезінде өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптары мен фитосанитариялық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Бақылаудың белгіленген рәсімдері мен қауіпсіздік талаптарын сақтау — аграрлық секторды қорғаудың және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды шарты.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар