сейсенбі, 3 наурыз, 2026 2:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда №58 мекемеде сотталғандармен кездесу өтті

Жамбылда №58 мекемеде сотталғандармен кездесу өтті
Фото: ашық дереккөз
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Е.Т. Қуанышев сотталған азаматтармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жазаны өтеу жағдайлары, медициналық қызмет көрсету, тұрмыстық-техникалық қамтамасыз ету және жеке өтініштерді қарау мәселелері талқыланды. Өкіл сотталғандардың сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Сонымен қатар, қабылдау барысында жеке мәселелер бойынша жүгінген азаматтармен жеке әңгімелесу жүргізіліп, көтерілген мәселелер заң аясында қарастырылатыны түсіндірілді. Мұндай кездесулер сотталғандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге және кері байланысты нығайтуға бағытталған.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар