Республикалық автожолдарды күтіп ұстау жұмыстары күшейді
- авторМағжан Орынбасар
- 18 желтоқсан, 2024
- 414
Республикалық маңызы бар автожолдар желісінің жалпы ұзындығы 25 мың шақырымды құрайды, оның 23 мың шақырымы күтіп-ұстау жұмыстарымен қамтылған. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша, биыл қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін 63 мың тонна техникалық тұз, 104 мың текше метр құм, 172 мың текше метр қиыршық тас қалдығы, 1,2 мың тонна химиялық реагент дайындалды.
«Былтырғы жылмен салыстырғанда, биыл көктайғаққа қарсы материалдың көлемін 3 есе ұлғайттық. Қар басу қаупі бар 2200 шақырым учаске бар. Осы учаскелерде тәуелкелдерді алдын алу мақсатында 31 мың уақытша ағаш қалқандар орнатылып, қар қоршаулары жасалды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Ұқсас жаңалықтар
Отандық қызанақ өндірушілер өнімдерін Ресейге қайта экспорттай алады
- авторМағжан Орынбасар
- 17 қаңтар, 2025
«Жастарды бопсалаған». Павлодарда қылмыстық топ ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 17 қаңтар, 2025