Елімізде
Республикалық ғылыми орталықтың басшылығы жемқорлық бойынша күдікке ілінді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 шілде, 2024
- 733

Олар 5 млн теңге көлемінде пара алған болуы мүмкін
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Антикордың дерегінше, мекеме басшылығы медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны үшін халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінген.
- Соттың санкциясымен Орталықтың басшысы қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды,- делінген ресми хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Семейде ауысымына 35 тонна өнім шығаратын ет комбинаты салынады
- авторБақытжан Бекболат
- 11 сәуір, 2025
Елімізде
Павлодарда кәсіпкерге шабуыл жасаған қылмыстық топ құрықталды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 сәуір, 2025