жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды

Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды
gov.kz
Бұл ақпаратты қала әкімдігі растады

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденов Алматы қаласының Даму орталығын басқаратын болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Берденов 29 тамыз күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кеткен еді. Оған жасалған қастандық ісі бойынша өткен сот отырыстарына ол жеке қатыспай, тек бір рет онлайн байланысқа шыққан. Сол кезде бұрынғы шенеунік денсаулығына байланысты мәлімдеп, денесінде әлі күнге дейін 61 бытыра қалғанын айтқан.

Еске салсақ, 21 сәуірде Руслан Берденовке әкімдік ғимаратының жанында оқ атылған болатын. 20 тамызда сот қылмыскер Ернар Жиенбайды кінәлі деп танып, оны орташа қауіпсіздік колониясында 9 жылға бас бостандығынан айырды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар