жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жазушы, журналист Еркін Жаппасұлы өмірден өтті

Жазушы, журналист Еркін Жаппасұлы өмірден өтті
Фото: https://t.me/madenietaqparat
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлім етті

Жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері Еркін Жаппасұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Еркін Жаппасұлы – қазақ сатирасында өз қолтаңбасын қалдырып, қоғамның күлкі мен шындық тоғысқан қырын терең бейнелеген бедерлі қаламгер еді. Ол қазақ әдебиетінің, баспасөзінің дамуына елеулі үлес қосып, өзінің кәсібилігімен, ұлт руханиятына жанашырлығымен ерекшеленді. Еркін Жаппасұлының жарқын бейнесі, өткір тіл мен ойлы әзілге құрылған шығармалары, қаламгерлік қолтаңбасы әріптестерінің, оқырмандарының және барша қазақ журналистикасы қауымының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз», - делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар