Сәуір айының соңғы күндерінде ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 23 сәуір, 2025
- 504

24-26 сәуір аралығында еліміздің басым бөлігінде, батыс пен солтүстік-батыстан басқа өңірлерде, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл – антициклонның ықпалына байланысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Батыс пен солтүстік-батыс өңірлер циклонның әсерінде болады, сондықтан мұнда жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Елдің көп бөлігінде жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл, ал оңтүстік-шығыс тауларында тұман күтіледі.
Солтүстік аймақтардың бірқатар өңірлерінде түнгі үсіктер сақталады. 24 сәуірде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 24-25 сәуірде Павлодар облысында, ал 25 сәуірде Қарағанды облысында түнгі ауа температурасы +1...+3 градусқа дейін төмендейді.
25-26 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында түнгі салқындық 1-6 градусқа дейін жетуі мүмкін.