жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сүйінші! «Отбасы банк» 500 млрд теңгеге ипотека беруді жоспарлап отыр

Сүйінші! «Отбасы банк» 500 млрд теңгеге ипотека беруді жоспарлап отыр
Pixabay.com
Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ-ның басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова әлеуметтік желідегі парақшасында халыққа ипотекалық несие беру үшін 500 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылғанын хабарлап, қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, қараша айында жаңа «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламалары іске қосылады.

«Әскери қызметкерлердің отбасыларына да жақсы жаңалық. Жуырда “Әскери баспана” бағдарламасы қайта іске қосылады. Соңғы аптада азаматтар ипотекалық несие рәсімдеуде қиындықтарға тап болғаны белгілі. Сол себепті халыққа баспана қолжетімді болу үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынып отырмыз. Қараша айында “Наурыз” және “Наурыз жұмыскер” бағдарламалары басталады. Қазір біз жаңадан конкурс жариялау немесе наурыз айында өтініш берген азаматтарды қайта шақыру мәселесін қарастырып жатырмыз. Жалпы, 500 млрд теңге көлемінде несие беріледі», — деді Ләззат Ибрагимова.

Сонымен қатар, бұрын сұранысқа ие болған «Әскери баспана» бағдарламасы қайта жанданады. Бұл жоба аясында шамамен 7 мың әскери қызметкер дайын пәтер сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар