«Будапештте кездесеміз»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті
- авторБақытжан Бекболат
- 17 қазан, 2025
- 338
Әңгіме барысында екі ел көшбасшылары Таяу Шығыстағы бейбітшілікті орнату және Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер жайын талқылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Президент Путин мені және АҚШ-ты Таяу Шығыста бейбітшіліктің орнауымен құттықтады. Ол біз бұл туралы ғасырлар бойы армандадық деді. Мен бұл жетістік Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерге де серпін береді деп сенемін», — деді Трамп Truth Social желісінде.
Ақ үй басшысының айтуынша, әңгіме барысында соғыстан кейінгі кезеңде Ресей мен АҚШ арасындағы сауда қатынастарының реттелуі де сөз болды.
Келесі аптада жоғары лауазымды америкалық және ресейлік шенеуніктердің кездесуі жоспарланған. Вашингтон делегациясын Мемлекеттік хатшы Марко Рубио басқарады.
«Одан кейін мен және президент Путин Будапештте кездесіп, Ресей мен Украина арасындағы соғысты талқылаймыз», — деп түйіндеді Трамп.
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президентін құттықтады
- авторБақытжан Бекболат
- 6 желтоқсан, 2025





