сенбі, 23 қараша, 2024 14:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Салтанаттың өлімі: «Әбден қиналып кеттік. Стресстен 8 кг салмақ қостым» - адвокат

Салтанаттың өлімі: «Әбден қиналып кеттік. Стресстен 8 кг салмақ қостым» - адвокат
Жанна Оразбақова. Фото - жеке парақшасынан алынды
Марқұм Нүкенованың адвокаты Жанна Оразбақова сот басталғаннан бері ұйқы режимі бұзылып,  денсаулығы нашарлай бастағанын айтты

Адвокат сот процесі басталғанынан бері  денсаулығы сыр бере бастағанын  әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Қылмыстық іс бойынша 17 жылдық тәжірибесі бар адвокат Жанна Оразбақова наурыз айынан бері «Қуандық Бишімбаев қатыгездікпен өлтірді» деген Салтанат Нүкенованың қорғаушысы ретінде сот процесіне қатысып жатыр. Күні кеше ол өзінің парақшасындағы оқырмандарына денсаулығы нашарлай бастағанын айтқан.

   Шамамен 27 наурыздан бастап 2 мамыр аралығында өмірім зырғып өтті. 8 келі артық салмақ жинаппын. Көзімнің айналасы ісініп кетті. Алматыға кететін болғандықтан, мен кеше сот процесінде болмадым. Бірақ жаныммен Айтбек Амангелдімен біргемін,- деп жазды Жанна Оразбақова.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар