жұма, 18 сәуір, 2025 6:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Семейде ауысымына 35 тонна өнім шығаратын ет комбинаты салынады

Семейде ауысымына 35 тонна өнім шығаратын ет комбинаты салынады
Фото: ЖИ
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Семейде ауысымына 35 тонна ет пен ет өнімдерін өндіретін жаңа ет комбинатының құрылысы басталмақ, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл ауқымды жобаның бастамашысы — «Eurasia Agro Semey» ЖШС. Жалпы инвестиция көлемі 8,4 миллиард теңгені құрайды.

Министрліктің мәліметінше құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталады.

Комбинат заманауи, әлемдік деңгейдегі технологиялармен жабдықталып, өнім сапасы мен өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған. Кәсіпорын тәулігіне 200 ірі қара мен 1400 ұсақ малды сойып, өңдеуге қауқарлы болады.

Жоба тек ішкі нарықты етпен қамтамасыз етумен шектелмей, экспортқа да басымдық бермек. Жылына 12 600 тонна дайын өнімді сыртқы нарыққа жеткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, жоба аясында 50 мың қой, 200 жылқы және 200 ірі қара малға арналған бордақылау алаңдарын салу көзделуде. Бұл шаралар өндіріс көлемін ұлғайтып, жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар