Елімізде
Семейде мемлекет жерін заңсыз пайдаланғандар жауапқа тартылды
- авторБақытжан Бекболат
- 28 қараша, 2025
- 266
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Абай облысында мемлекет меншігіндегі жер телімдерін өз бетінше иелену фактісі тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл жағдай ҚР АШМ ЖРБК облыстық жер ресурстарын басқару департаменті қызметкерлерінің жоспардан тыс тексерісі барысында анықталды.
"Тексеріс барысында Семей қаласында орналасқан жер учаскесін бір серіктестік құжаттарсыз және құқықтық негізсіз заңсыз пайдаланғаны белгілі болды. Мұндай әрекеттер ҚР жер заңнамасының талаптарын өрескел бұзу саналады.
Тексеру қорытындысы бойынша азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Серіктестікке айыппұл салынды, заңсыз иеленген жер телімі босатылды", – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Түркістанда әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам бес жылға сотталды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026
Елімізде
Алматыда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026






