дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 19:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Серік Ибрагимнің әйелі Айнамкөз Әбдімаева үнді биімен жұртты таң қалдырды

Серік Ибрагимнің әйелі Айнамкөз Әбдімаева үнді биімен жұртты таң қалдырды
Сурет: видеодан скриншот
Ол 15 жылдан кейін ғана сахнаға шығып тұр

Әнші Серік Ибрагимовтың әйелі, блогер Айнамкөз Әбдімаева той үстінде үнді биін билеп, жиналғандарды таң қалдырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Үндінің хит әнін әуелете қосып, ортаға билеп шыққан әйелі Серік Ибрагимді де қатты таң қалдырған.

«Қатты таң қалып, шок болып отырмын», - дейді Серік Ибрагим.  

Анықталғандай, Айнамкөз бала күнінде би үйірмесіне қатысқан екен. 15 жыл үзілістен кейін сахнаға енді шыққан.

«Орташа шығып, би билейтінімді ешкім білген жоқ.  Жалпы, көбі мені көргенде шок болды. Өйткені биші болғанымды естігенімен, билегенімді көрмеген. Тіпті жолдасым Серік те бірінші рет көріп тұр. Тосынсый болды, тіпті анам жылап жіберді», – деп жазды блогер. 

Желі қолданушылары «Үш баласы бар деп кім айтады?!» «Анасымен бірге жыладық», «Серіктің реакциясын түсіріп алу керек еді», «Биінің өзі неткен сұлу еді?!»   деп тамсанған. 

 

Бөлісу:
Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар