Елімізде
«Үш адам зардап шекті». Астанада жүк көлігі жарылған
- авторМағжан Орынбасар
- 30 қараша, 2024
- 1.1k
Оқыс оқиға 30 қарашада Сарыарқа ауданындағы Жарсуат көшесінде болған
Астанада үш қабатты әкімшілік ғимараттың гаражында жүк көлігінің жанар-жағармай багы жарылып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға 30 қарашада Сарыарқа ауданындағы Жарсуат көшесінде болған. Зардап шеккендер оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған.
- "Өрт сөндірушілер келгенге дейін бокста жүк көлігінің жанармай багы жарылып, кейіннен өрт тұтанған. Өрт кезінде бокс ішінде үш жүк автокөліктері болған, оның екеуін өрт сөндірушілер өрттен құтқарып қалды. Өрт салдарынан үш адам зардап шекті, олар медициналық жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды", делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
16 желтоқсан күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Елімізде
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






