Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар боранда қалған балықшыларға көмекке келді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шемонаиха ауданы Убинка ауылынан 3 шақырым қашықтықта балықшылар боран салдарынан үйлеріне жете алмай қалған. Екі жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, ер адамдар құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болды.
- Өтімділігі жоғары техникамен оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шықты. Қар басқан ауыл жолымен зардап шеккендерге жеткен олар үш азаматты эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, ТЖД қызметкерлері балық аулауға, табиғат аясында демалысқа шыққанда дауылды ескертулерді елемеуге болмайтынын ескертті.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам бес жылға сотталды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026
Алматыда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қаңтар, 2026






