жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ШҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапты

ШҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапты
Pixabay.com
Облыстық ПД мәліметінше, Chevrolet Onix көлігі мен Howo маркалы жүк көлігі соқтығысқан

Шығыс Қазақстанда үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

24 қараша күні Шығыс Қазақстан облысында Омск – Майқапшағай трассасының 877-шақырымында қайғылы жол апаты болды. Облыстық ПД мәліметінше, Chevrolet Onix көлігі мен Howo маркалы жүк көлігі соқтығысқан.

Апат салдарынан Chevrolet Onix жүргізушісі және екі жолаушы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар