бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 6:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұшақ апаты: Ақтауда болған қайғылы оқиғаға байланысты Үкіметтік комиссия құрылды

Ұшақ апаты:  Ақтауда болған қайғылы оқиғаға байланысты Үкіметтік комиссия құрылды
Видеодан скриншот
Комиссия апаттың себеп-салдарын тексермек

Ақтауда болған қайғылы оқиғаға байланысты Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz 

 Үкімет қаулысы бойынша, Ақтау әуежайының маңында болған Az Airlines әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Комиссия құрамына премьер-министрдің орынбасары, Маңғыстау облысының әкімі, төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокуроры кірген.

"Комиссияға оқиға орнына дереу ұшып барып, ұшақтың апатқа ұшырау себептерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз ету, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету шараларын қабылдау тапсырылды", - делінген хабарламада.

Қазақстан Үкіметі Әзербайжан Үкіметімен болған оқиғаның себептерін жан-жақты тергеу және алғашқы көмек көрсету бойынша бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Деректерге сүйенсек, ұшақта 37 Әзербайжан азаматы, 16 Ресей азаматы, 6 Қазақстан азаматы және 3 Қырғызстан азаматы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 25 жолаушы тірі қалған

ТЖМ мәліметінше, ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Аман қалғандар саны 28 адам, оның екеуі балалар.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, алдын ала жедел ақпарат бойынша, 28 адам медициналық мекемелерге әртүрлі дәрежедегі жағдаймен жеткізілген. Оларға облыс ауруханаларында қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнына 23 жедел жәрдем бригадасы жіберілген.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар