Аспалы жол 2 маусымға дейін жұмыс істемейді
«Шымбұлақ» тау-шаңғы кешені биыл жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аспалы жолдарды уақытша жабады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады jambylinfo.kz.
«13 мамыр мен 2 маусым аралығында «Медеу-Шымбұлақ» аспалы жолы жабық болады. Ал 13 мамыр мен 31 мамыр аралығында «Комби-1» және «Комби-2» аспалы жолдары да жабылады. Бұл ретте ККД-4 аспалы жолы әдеттегідей жұмыс істейді», – деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Сондай-ақ хабарламада 2024 жылдың 19 мамыры мен 24 мамыры аралығында Медеу-Шымбұлақ жартылай жолының жүк-тартқыш арқаны қысқартылатыны, құрылыс жұмыстарына байланысты қозғалысқа шектеу қойылуы мүмкін екені жазылған.
Еске салайық, Шымбұлақ тау курорты 2023 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
16 желтоқсан күні халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Елімізде
Елімізде жаңғыртудан өткен екі автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 12 желтоқсан, 2025






