жұма, 20 қыркүйек, 2024 7:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкентте полицей қызметкерін тапа-тал түсте пышақтап кеткен

Шымкентте полицей қызметкерін тапа-тал түсте пышақтап кеткен
Видеодан скриншот
Ол оқиға орнында ес-түссіз болған

Шымкентте полицей қызметкеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Желіде Шымкент көшелерінің бірінде полицей қызметкеріне шабуылдаған сәт бейнеленген видео тарады. Бейнежазбада тәртіп сақшысының арқасынан жарақат алып, ес-түссіз жатқанын көруге болады. Ал, қылмыскер көлігімен тез тайып тұрған.

Кейбір ақпарат көздерінде ол патрульдік полиция инспекторы екендігі айтылған.

Жарақат алған азамат қазір ауыр халде екендігі айтылды.


Күдікті ізін суытпай ұсталды. Оған 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін,- делінген ПД хабарламасында.  

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар