«Әншілерге қиын болды». Енді ән ұрлағандар 6 жылға сотталуы мүмкін
- авторjambylinfo.kz
- 1 қыркүйек, 2024
- 543
Елімізде біреудің әнін рұқсатсыз орындағандарға 300 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Сонымен қатар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
31 арнаның жазуынша, Әділет министрлігі авторлық құқыққа қатысты әкімшілік жауапкершілік енгізуді қарастырып жатыр.
Жаңа заң жобасында автордың кез келген туындысын рұқсатсыз алып, өз мақсатына пайдаланатындарға жазаны күшейту қарастырылған. Бұл бастамамен композитор Әзиз Балтабекұлы да қолдап отыр.
- Бізде көп жағдайда әндерді рұқсатсыз алады. Тіпті, кавер болған күннің өзінде автордан бір ауыз рұқсатын алу керек. TikTok-қа жай шығара салдық қой деген сияқты жүрдім-бардым қарауға болмайды, – дейді композитор.
Мейрамханалар мен караокеде орындаушы белгілі бір автордың туындысын шырқау үшін міндетті түрде ұжымдық ұйымдармен шарт жасасуға тиіс. Шартқа сәйкес, шығарма иесіне ай сайын сыйақы беру міндеттеледі.
Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің бас сарапшысы Ботагөз Сатжанованың айтуынша, жаңа заң жобасы әзірге пысықталып жатыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Бүгін Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет министрі Аида Балаева халыққа үндеу жасады
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024
Бүгін қазақтың аңыз әншісі Бибігүл Төлегенованың туған күні
- авторjambylinfo.kz
- 16 желтоқсан, 2024