жұма, 3 сәуір, 2026 11:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкентте заңсыз айналымнан 500-ге жуық вейп тәркіленді

Шымкентте заңсыз айналымнан 500-ге жуық вейп тәркіленді
Polisia.kz
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Шымкентте “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, электрондық тұтыну жүйелерін заңсыз сатумен айналысқан тұлғалардың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Үш жас жігіт мессенджерлердің бірінде арна құрып, сол арқылы вейп өнімдерін жарнамалап, сатумен айналысқан.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Тексеру барысында заңсыз айналымнан 500-ге жуық вейп тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары электрондық тұтыну жүйелерінің заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар