дүйсенбі, 15 желтоқсан, 2025 19:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Үсіп кеткен": БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның мәйіті табылды

"Үсіп кеткен": БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның мәйіті табылды
Фото - ашық дереккөз
Қазіргі таңда Жәнібек ауданында 59 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Батыс Қазақстан облысында 13-14 желтоқсандағы боран кезінде жоғалып кеткен адамдарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бүгін Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округінің орталығы Жасқайрат ауылы маңында 57 жастағы ер адамның денесі табылды.

Сондай-ақ Бөкей ордасы ауданында 25 жастағы, Казталовта 35-тегі ер адамның қаза тапқаны белгілі болды.

Марқұмдар үсіп кеткен.

Ақжайық ауданында 54 жастағы ер адам тірі табылды. Оның аяқ-қолы үсіген, Орал қаласына жеткізіледі.

— Қазіргі таңда Жәнібек ауданында 59 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған ТЖ, әскери бөлім, полиция және жергілікті атқарушы органдардан 48 адам, 8 техника жұмылдырылған, — деп хабарлады ведомстводан.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар